БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

«Erke-Nur Baby» бөбек-жай балалар бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыАрыс қаласы «Erke-Nur Baby» бөбек-жай балалар бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы)Түркістан облысы, Арыс қаласы Төле би көшесі №24
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт)Ұялы телефон:8 705.573.90.90.
Электрон поштасы:erke-nur-baby@mail.ru
Web сайт.https://erke-nur baby-bb.edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесіОрынкулова Акерке Ермаханқызы  Арыс қаласы, «Erke-Nur Baby» бөбек-жай балалар бақшасы» құрылтайшысының 2024 жылғы 26 қаңтар   №  бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 26.01.2024ж өткен. БСН 190440024850.  
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) KZ63RVK00021081 хабарлама 23.09.2019ж
7Құрылған жылы2019жыл
8Типтік ғимаратекі қабатты ыңғайластырылған
9Топтар саны3 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:ӀI ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпенЖас ерекшеліктері: 4 жас — ересек топ, 20-25 минут 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут 2 жас – кіші топ, 10-15 минут
14МҰД – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 75 балаға арналған. 12.08.2019 жылы №X.KZ61VWF00010506 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада ыңғайластырылған. Балабақша 60 орындық, 3 топ жұмыс жасайды. «Ботақан» кіші  топ 2 жас, «Балдырған» ортаңғы топ 3 жас,  «Ақкөгершін» ересек топ 4 жас. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада  3 топта  ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа мед кабинет, асхана, қойма,  әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған.  Жылу жүйесі,  кәріз жүйелері  кіргізілген. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.  Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.